25.05.2017, 9:30
Оқылды: 73

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай деректі көрме ұйымдастырылды

Саяси қуғын-сүргін құрбандары күніне орай Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінде деректі көрме ұйымдастырылды. 

Саяси репрессия құрбандары туралы ақпаратты анағұрлым қолжетімді қылу және оларды есімізде сақтау, олардың отбасыларының тарихын қайта қалпына келтіруге көмек көрсету үшін Ішкі істер министрлігінің Веб-порталында «Мемориал» сервисі  құрылды.

Шара барысында жауап алу бөлмесінде сол кезде орын алған қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш азаматынан қинап жауап алу сәтінен үзінді көрсетілді.

Көрме соңында Ішкі істер органдарының арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік қызметтер көрсетуі шеберінде мұрағаттық анықтамалар, құжаттардың көшірмелерін, құжаттардан үзінділер, сондай-ақ қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың жеке түпнұсқа құжаттарын немесе олардың көшірмелерін арнайы тәртіпті сәйкес өтініш берушіге немесе олардың сенімді адамдарына берілетіні туралы да түсіндірілді.

Батыс Қазақстан облысы

 ІІД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале