Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығы туралы мәлімет берді, деп жазды ҚазАқпарат.
Коллаж: Халық үні
«Бірінші қыркүйекке дейінгі мерзімде білім нысандары жылыту маусымына толық дайын болуы қажет болатын. Әкімдіктер ұсынған ақпарат бойынша, бүгінгі таңда білім ғимараттарының дайындығы 99,6% болып тұр. Сегіз өңірде 42 объект бойынша әлі де жұмыс жүріп жатыр. Оның ішінде 24 нысан бойынша күрделі жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. Қалған нысандар бойынша жылу жүйесінде жөндеу жұмыстары аяқталмаған», - деді министр.
Ал денсаулық сақтау нысандары бойынша дайындық – 98,9%.
«Тоғыз өңірде 62 нысан бойынша дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Дайын емес мекемелердің ең көбі - Абай (28), Ақтөбе (12), Атырау (6) облыстарында», - деді Қанат Шарлапаев.
zhaikpress.kz