Жарыстың алғашқы күні командалар мандаттық комиссиядан өтуде. Комиссия отырысы Талғар және Қаскелең қалаларында өтіп жатыр.

Облыс командасының жетекші-хатшысы Әскербек Нұрмұхановтың айтуынша, ел абыройын арқалап келген барлық спортшылар мен командалар тексерістен ойдағыдай өткен.
– Облыс құрамасы жарыс өтетін жерге толықтай келді. Әр спорт түріне жауапты азаматтар бекітілді. Мандаттық комиссия отырыстарында ешқандай мәселе туындаған жоқ. Кей спорт түрлерінің өкілдері алдын ала келіп, шағын оқу жаттығу жиынын да өткізді. Ендігі мақсатымыз абыройлы өнер көрсету,– дейді Әскербек Нұрмұханов.
Ауыл спортшыларының бәсекесі ертең тоғыз шақырымдық "Жорға жарысымен" басталады. Одан кейін "Аламан" және "Топ" бәйгелер ұйымдастырылады.
Айта кетейік, бүгін басталған "Ақбидай" ойындары қыркүйектің 21-іне дейін жалғасады. Ауыл ойындарының барысы туралы жаңалықтарды тұрақты түрде ұсынып отыратын боламыз.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz