5.03.2024, 17:30
Оқылды: 27

Семей полигоны қалай салынды?

1947 жылдың 25 тамызында КРСО үкіметінің «2-оқу полигоны» деген шартты атауын алған атомдық зерттеу полигонын құру туралы қаулысы шығады.

жп дала

    Көрнекі фото

Полигон аймағына Семейдің Абыралы аймағы таңдалынады. Бұған даланың шексіз кеңдігі, тұрғындар санының аздығы, орталыққа жақындығы және темір жол мен автомобиль жолына ыңғайлығы мен Ертіс суының және аэропорттың жақындығы ескеріледі.

    Полигонға тікелей басшылық жасау академик И.Курчатовқа жүктеліп, Семей полигоны аймағына 8 372 шаршы шақырым жерді игеру басталып кетеді.

    Алғашқы ядролық сынақ 1949 жылдың 29 тамызында таңертеңгі сағат 7.00-де басталады. Ол зарядты РДС-1 деп атайды. Ол «Россия делает сама» деген мағынаны білдірген екен.

   Осылайша КСРО-да жарылыс қуаты 20 мың тротилмен тең келетін 1-атом бомбасы жасалады. Сынақтың сәтті шығуы сол кезде КСРО-ға атом шабуылының қатерін жойып, бейбіт өмірге кепілдік алынды деп түсіндіріледі.

 

                                                Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz                                                                          

     («Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2003 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале