Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Денсаулық сақтау және Экология министрліктерінің өкілдері ядролық сынақ тақсіретін тартқан аймақ тұрғындарының денсаулығына зерттеу жүргізіп жатыр. Соның негізінде заңға тиісті өзгеріс енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды "Хабар 24" .
Заң өз орнында қалады. Екіншіден, өзгеріс қажет болса, арнайы институттар өз ұсыныстарын беретін болса, әрине өзгерістер енгізіледі. Заңға сәйкес Семей полигонынан зардап шеккен азаматтар 45 жастан зейнетке шығуы мүмкін, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.