11.11.2022, 13:00
Оқылды: 44

Семей ядролық сынақ полигонынан зардап шеккен азаматтар зейнетке ерте шығуы мүмкін

 Тиісті заңға өзгерістер енгізіліп, қабылданып жатса, онда Семей полигонынан зардап шеккен азаматтар 45 жастан зейнетке шығуы мүмкін. Бұл туралы Еңбек министрі Тамара Дүйсенова Семейде үкіметтік емес ұйым мүшелерімен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

3a57029643224c4b8230355263ec3f4d

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Денсаулық сақтау және Экология министрліктерінің өкілдері ядролық сынақ тақсіретін тартқан аймақ тұрғындарының денсаулығына зерттеу жүргізіп жатыр. Соның негізінде заңға тиісті өзгеріс енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды "Хабар 24" .

 Заң өз орнында қалады. Екіншіден, өзгеріс қажет болса, арнайы институттар өз ұсыныстарын беретін болса, әрине өзгерістер енгізіледі. Заңға сәйкес Семей полигонынан зардап шеккен азаматтар 45 жастан зейнетке шығуы мүмкін, - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале