16.03.2022, 21:14
Оқылды: 47

Семейге Абайдың есімін беруді дұрыс шешім деп санаймын

Мемлекет басшысы бұл Жолдауында жуық  арада жүзеге асырылатын саяси реформалар мен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты. Ауқымды саяси реформалар еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіруден басталады. 

WhatsApp Image 2022-03-16 at 21.49.33

Президент Абай және Ұлытау облыстарын құруды ұсынды. Бұл облыстардың орталықтары Семей және Жезқазған қалалары болады. Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлы дүниеге келген, полигонның ауыр зардабын тартқан  Семейге облыстың мәртебесі мен Абайдың есімін беру  – мен үшін зор қуаныш! Сондай-ақ Мемлекет басшысы Алматы облысын екіге бөлу жөніндегі шешімін айтты. Алматы облысының орталығы Қапшағай және Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласы болмақ. Егер жұртшылық Қапшағай қаласына Қонаевтың есімін беру туралы ұсыныс айтса, Президент бұл пікірді қолдайтынын жеткізді. Бұл шешімді халық қолдайды деп ойлаймын. Облыс мәртебесін алғаннан кейін өңірлер дамитын болады. Жалпы, бұл Жолдаудан туындайтын міндет-мақсаттарды мемлекет басшылығына жүктеп қоймай, қазақстандықтар, бүкіл отандасымыз зор ұйымшылдық танытып, жасампаз еңбекке жұмылу қажет.

Мақсот Берген,

Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале