29.05.2023, 19:55
Оқылды: 35

Сенаторлар Ұлттық ұлан әскери бөлімінде болды

26-27 мамыр күндері Қазақстан Республикасы  Парламенті Сенатының депутаттары Ғ.Сарыбаев, Ж.Асанова, А.Сатыбалдиев, Г.Шиповских Орал қаласына іссапармен келді. 

PHOTO-2023-05-29-19-41-18 (1)

Іссапар барысында сенаторлар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөліміне ат басын бұрып, әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Арман Жұмағалиев, сондай-ақ  5517 әскери бөлімінің командирі, подполковник Сағындық Алқайдаров  депутаттарды  әскери бөлімнің жауынгерлік қызметі және әскердің жеке құрамына жүктелген құқық қорғау міндеттерін баяндап берді. Сонымен қатар оларға Ұлттық ұлан әскерінің жауынгерлік қызметтерді орындау кезінде елеулі әсер ететін бірқатар мәселелер айтылып, Ұлттық ұлан әскерінің тыныс-тіршілігіне қатысты проблема тудырып тұрған сұрақтар талқыланды. 

PHOTO-2023-05-29-19-41-18

Іссапар барысында меймандар әскери бөлімнің негізгі міндеттерімен, бөлімнің инфрақұрлымымен, сарбаздардың жататын казарма үй-жайларымен, әскери техникамен және қару-жарақтарымен танысты.

Кездесу соңында сенаторлар Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы тарапынан айтылған мәселелер басты назарда болатынын, сондай-ақ туындаған мәселелердің шешімін табуына үлес қосатындарын айтты.

Капитан

Әубакир Ертуған

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале