24.02.2023, 15:30
Оқылды: 92

Сенаторларға цифрландыру саласында қойылған міндеттерді іске асыру барысы туралы айтылды

Сенатор Нұртөре Жүсіптің төрағалық етуімен Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым жөніндегі комитетінің отырысы болды. Онда «Білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту саласындағы цифрландыру: жай-күйі, қолжетімділігі және қауіпсіздігі» тақырыбы бойынша өткен үкімет parlam.kz

555b644bf64c4448b158d313301eb691

Фотоға түсірген: Б.Серікбай

Нұртөре Жүсіп өз сөзінде Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауында цифрлық теңсіздікті жою, интернет желісіне барынша қолжетімділікті және барлық азаматтардың сапалы байланысын қамтамасыз ету міндеті қойылғанын еске салды. Осыған байланысты сенаторлар өткізген үкімет сағаты барысында цифрландыру саласының өзекті мәселелері егжей-тегжейлі талқыланған болатын. Талқылау қорытындысы бойынша салалық министрліктерге қойылған мәселелерді бірлесіп шешу үшін ұсынымдар жіберілді.

«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына басымдық берілген болатын. Онда өндірістік процестерді цифрландыру, цифрлық технологияларды енгізу қамтылған. Осыған байланысты депутаттық корпус еліміздің экономикасындағы барлық салаларды цифрландыру жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыруды маңызды деп санайды», - деді сенатор Нұртөре Жүсіп.

Осыған байланысты салалық министрліктердің өкілдері сенаторларға елімізді цифрландыру саласында атқарылған жұмыстар туралы және сенаторлардың ұсынымдарын іске асыру барысы туралы айтып берді.

Отырысқа сенаторлар, цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, ағарту, ғылым және жоғары білім, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау, қаржы министрліктерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасының өкілдері қатысты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале