23.06.2022, 9:45
Оқылды: 30

Сергек сержант

Бәйтерек ауданында екі сәбиді ажал аузынан аман алып қалған облыстық полиция департаменті кинологиялық қызмет орталығының инспекторы Ержан Қуанышевтің (суретте) мемлекеттік марапатқа ұсынылғаны туралы қуанышты хабар жетті. Бұл оқыс оқиға осы жылдың  30 мамыры күні Бәйтерек ауданының Погодаев ауылында орын алғанды.  

пол

– Біздің  Ержан  ауылға  таяу маңдағы өзен жағасында ойнап жүрген екі баланы көріп, оларға суға түспеуді ескертіп, қайта көлігіне мінеді. Бірақ жүрегі бір жайсыздықты сезгендей, көп ұзамай әлгі жерге кері оралса, қос тентек шомылуға суға түсіп үлгеріпті. Олардың жанталасып, батып бара жатқанын көрісімен, әріптесіміз еш ойланбастан өзі де арттарынан суға секіріп, екеуін кезекпен құтқарып алады. Алғашқыда біреуі ессіз күйде болған көрінеді. Оған дереу медициналық көмек көрсетіп, жасанды тыныс алдырып, жүрегіне массаж жасайды. Санаулы сәттерден соң бала есін жиып, Ержан оны өз киіміне орап, үйіне жеткізген, – дейді бізбен әңгімесінде БҚО ПД баспасөз қызметкері, полиция майоры Дариға Мажитова.

Айта кетелік, сержант Е. Қуанышев – ішкі істер құрылымына биыл мамыр айында ғана қызметке келген жас жігіт. Аз уақыт аралығында өзін жақсы жағынан танытып, осындай абыройлы ісімен көпке үлгі болып отыр. Марапатың молая берсін, қырағылық пен сергектік әр кез айнымас серігің болсын, Ержан дейміз  біз.

Бақытжан  Ордабаев

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале