24.11.2020, 9:33
Оқылды: 52

Серік Нұрмағамбетов, БҚО ветеринария басқармасының басшысы: «Құстарды  сақтап  қалудың жалғыз жолы – екпе салу»

Ақ Жайық өңірі мал шаруашылығын дамытуға қолайлы. Соған орай жыл санап мал басы көбейіп келеді. Мал шаруашылығын одан әрі дамыту үшін қоғамда ветеринариялық қауіпсіздік мәселесі өзекті. Осы бағытта өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде облыстық ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағамбетовпен әңгімелескен едік.

B8C982D0-35BD-402D-94AA-E15AB60D07DF

Биылғы жылға облыста ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатына 1 млрд. 377 млн. теңге қаражат бөлінді. Соның ішінде эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 1006,8 млн. теңге, ауру жануарларды санитарлық союға, тасымалын ұйымдастыруға 83 млн. теңге, бұралқы иттер мен мысықтарды аулап, биозарарсыздандырудан өткізуге 35,4 млн. теңге, ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру шараларын жүргізуге 18,8 млн. теңгені құрады. Ал қаңғыбас иттер мен мысықтарды бірдейлендіру мәліметтерінің бірыңғай базасын жасақтауға және оларды жыл сайынғы күтіп-ұстауға 1,3 млн. теңге, залалсыздандырылған мал өнімдері құнын мал иелеріне өтеуге  74,6 млн. теңге, эпизоотиялық ауруларға қарсы алдын алу шараларына 19,6 млн. теңге, ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау орындарына дейін тасымалдауға 2,5 млн. теңге қаралды. Биылғы бөлінген қаржы өткен жылғыдан көбірек. Былтыр ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 1 млрд. 226 млн. теңге бөлінді. Яғни ветеринарлық қауіпсіздік мақсатына бөлінетін қаржы-қаражат көлемі жыл санап өсуде.

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz

Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №93 санынан оқи аласыздар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале