Бүгін «Сезім толқыны» телехикаясының екінші маусымы көрерменге жол тартады.
20 бөлімді сериалдың алғашқы маусымы Ұлттық арна көрермендерінің үлкен қызығушылығына ие болды. Биыл жоба халықаралық нарыққа шықты. Түсірілім жұмыстары Ақтау қаласында және Әзірбайжан тарапының бастамасымен Баку қаласында өтті.
Түсірілміге 50-ге жуық актер жұмылдырылған. Оның 12-і басты рөлде.
Алғашқы бөлімнің эфир уақыты бүгін Астана уақытымен 21:30-да.