28.03.2024, 15:45
Оқылды: 185

Шаған, Деркөл, Жайық өзендері қауіпті деңгейден асып кетуі мүмкін

«Қазсушар» РМК БҚО филиалының мәліметіне сәйкес, жақын күндері Шаған, Деркөл, Жайық өзендерінде су деңгейінің көтерілуі және қауіпті деңгейден асуы күтіліп отыр.

Су Орал 2024

Фото: БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен

- Судың жайылып, тасқын болуы мүмкін. Сондықтан өзен жайылмаларында орналасқан бау-бақша серіктестіктері, ондағы тұрғынжайлар зардап шегуі мүмкін. Тұрғындардан су тасқынына дайын болуды, қажетті іс-шараларды қолға алуды, су тасқынына дейін алдын ала қауіпсіз жерге көшуді сұраймыз, - делінген Орал қаласы әкімдігінің хабарламасында.

Су тасқыны қаупі туралы алдын ала хабарланған кезде:

—Радио, теледидар, интернеттегі ақпаратты қадағалаңыз;
—Газ, электр қуатын және суды өшіріңіз;
—Құжаттарды су өткізбейтін пакетке салыңыз;
—Ақшаны, киім, тамақ және дәрі дәрмекті дайындаңыз.
—Бағалы заттар мен жиһаздарды судан қауіпсіз жерлерге орналастырыңыз;
—Үй жануарларын жіптен босатыңыз және оларды қауіпсіз жерге апарыңыз;

Егер су тасқыны орын болса:

—Дәрі-дәрмек, азық-түлік, су қорын және алғашқы көмек жинағын алыңыз;
—Су тасқыны аймағынан шығыңыз;
—Эвакуация үшін жинау орнына барыңыз;
—Мүмкіндік болса, суда қалған адамдарға шұғыл түрде көмектесіңіз;
Егер эвакуациялау мүмкін болмаса:
—101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз және орналасқан жеріңіз туралы хабарлаңыз;
—Мүмкіндігінше тезірек жақын маңдағы қауіпсіз биік орынға (жоғарғы қабаттар, шатыр) орналасыңыз;
—Көмек келгенге дейін үйде болыңыз, сигнал беріңіз (күндіз-ақ немесе түрлі-түсті материалмен, түнде фонарь пайдаланыңыз).

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале