30.04.2024, 12:32
Оқылды: 58

Шаған су қоймасында су деңгейі түсіп жатыр

"Бүгінгі таңда «Қазсушардың» су қоймаларында орташа толтырылуы  88,0% немесе 444,0 млн.текше метр су жинақталды (ҚТД 507,0 млн.м³)", - деп хабарлады "Қазсушар" РМК Батыс Қазақстан филиалы" басшысының м.а. Рауан Хусаинов.

су дрон шаган два солдата жак

Жайық өзенінен Жайық-Көшім жүйесіне секундына 150 текше метр шығынымен су түсуде, жыл басынан жүйеге 337,0 млн.м3 су алынды. Қазіргі таңда су қоймаларына су жиналуда, көлдерге, көлтабандармен мен табиғи шабындықтарға су беріліп жатыр.

Бүгінгі таңда Шаған су қоймасында су деңгейі түсіп жатыр. Тәуліктік өзгеріс –12 см-ді құрап, сағат 9:00 де Шаған су қоймасының деңгейі Балтық жүйесі бойынша 30,70 м-ді құрады.

Бүгінгі күні филиалдың су шаруашылығы жүйелері бойынша 90,0 мың га астам көлдер мен көлтабандарға су шығарылуда, соның ішінде Жайық-Көшім ССЖ-дан – Бірқазан (2,0 млн.м³), Орыс Қопа (3,0 млн.м³), Жалтыркөл (5,0 млн.м³), Соркөл (2,0 млн.м³), Сағырбай (3,0 млн.м³), Қисық Қамыс (3,0 млн.м³) көлдеріне, Кіші Өзен өзенінен – Қаңбақты (3,0 млн.м³), Қашқар (5,0 млн.м³), Сары Айдын (3,0 млн.м³) және Айдын (3,0 млн.м³) көлдеріне, Үлкен Өзен өзенінен – Қамыс Самар көлдеріне (60,0млн.м³) және Мұхыр өзеніне (6,0 млн.м³) және Қалдығайты көлтабандар жүйесі бойынша 10,0 тыс.га. жерге су шығарылып жатыр.

Қазіргі таңда филиалдың су шаруашылығы нысандарында жағдай тұрақты.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале