16.08.2023, 10:00
Оқылды: 83

Шағын жинақталған ауылдық мектептердің әлеуетін дамыту жобасы іске қосылды

​Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Ақтөбе облысының әкімдігі "Цифрлық технологияларды қолдана отырып, Ақтөбе облысының шағын жинақты ауылдық мектептерінің әлеуетін дамыту" пилоттық жобасын іске қосты.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, еліміздің алты өңірінде шағын жинақталған мектептердің басшылары мен педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстары басталды.

InShot_20230816_081243935

Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының 2000-нан астам педагогі шағын жинақталған мектептерде оқу процесін цифрландыруда білім алуда.
Курстар "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығы әзірлеген екі білім беру бағдарламасы бойынша жүргізіледі: "Шағын жинақталған мектептерді басқарудағы цифрлық шешімдер" шағын жинақты мектептердің басшылары үшін және "Пәндерді оқытуда цифрлық ресурстарды пайдалану" шағын жинақты мектептердің педагогтері үшін.

Оқытудан кейін шағын жинақталған мектептердің директорлары білім беру жүйесін диджитализациялаудың нормативтік-құқықтық және теориялық негіздерін меңгереді, цифрлық өзгерістер жағдайында пәндерді оқытудағы тәсілдерді жаңарту үшін мектептің білім беру ортасын бейімдей алады. Шағын жинақталған мектеп мұғалімдері цифрлық немесе аралас оқыту форматының, синхронды және асинхронды коммуникацияның, саралау мен дараландырудың, кері байланыс беру үшін онлайн-сервистердің стратегиялары мен әдістерін пайдалана отырып сабақтарды жоспарлауды үйренеді.

Жобаны барлық өңірге масштабтау 2024-2025 жылдарға жоспарланған. Алты аймаққа жоспарланған курстар қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Барлығы 5000-нан астам педагог оқытылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале