15.05.2024, 12:30
Оқылды: 84

«Шәмші әндері» шақырады

 

 «Атамекен» өнер ордасының ұйымдастыруымен аса көрнекті сазгер, ән жанрының әйгілі майталманы, Қазақстан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған «Бақыт құшағында...» атты ән кеші өтеді.

438701625_2204939093181693_6052098441862816685_n

Ән кешіне ҚР Мәдениет саласының үздігі, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының дирижері, тектінің тұяғы, Шәмшінің ұлы Мұхтар Қалдаяқовтың дирижерлік етеді.

Ән әуелейтін сазды кеште БҚО «Атамекен» эстрадалық-симфониялық оркестрі және талантты әншілер өнер көрсетеді. «Қазақ вальсінің каролі» атанған композитор Шәмші Қалдаяқовтың ескірмейтін есті әндері тек жанды дауыста шырқалады.

Ата-әжелеріміздің, қала берді ата-аналарымыздың жастық шағында талайды сезім бесігінде тербеген ностальгияға толы музыкалық туындылардың көпшілігі қазіргі жастарға да етене таныс. Осындай уақыт сынынан өтсе де, сыры таусылмас әсем әуендерді сағынып жүрген жандарға таптырмас мүмкіндік туып отыр. Ендеше, «Атамекен» өнер ордасында 29 мамыр, сағат: 19.00-де басталатын думанды ән мерекесінен қапы қалмаңыздар!

Алтынбек Серікқалиұлы,

«Атамекен» ақпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале