18.06.2025, 17:30
Оқылды: 143

Шашты күнде жуған дұрыс па? Маман пікірі

Кейбір адамдар шашын күнде жуғанды ​​жөн көреді. Дерматолог Шилпи Кхетарпал Infobae-ге берген сұхбатында бұл әдет қаншалық пайдалы екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

1

Фото: istockphoto.com

Маманның пікірінше, шашты тек мына екі жағдайда күнде жуған дұрыс: егер адамның терісі майлы болса немесе шашы жұқа болса. Ол құрғақ, бұйра шашты адамдарды бірнеше күнде бір рет жууға шақырды.

Дәрігер спортпен айналысу және ластанған ортада өмір сүру сияқты факторлар шашты жиі жууға себеп болуы мүмкін екенін айтты.

Дегенмен сарапшы шашыңызды өте сирек жусаңыз, қышып, дерматит және қайызғақ пайда болып, шашыңыз сынғыш болып, түсе бастайтынын ескертті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале