Америкалық аралас жекпе-жек файтері Белал Мұхаммад Twitter парақшасында 2024 жылы екі рет жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Фото: instagram
«Мен алдағы жоспармен бөліскім келеді: маусымда Леон Эдвардс және қазанда Шавкат Рахмоновқа қарсы бірінші рет титул қорғау», - деп жазды UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы спортшысы әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, Мұхаммед қазір UFC жартылай орта салмақта екінші, ал Рахмонов үшінші орында тұр. Камару Усман рейтингте бірінші орында тұр.