Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов шамасы жетпейтін жалғыз спортшының есімін атады, - деп хабарлайды sports.ru.
Фото Шавкат Рахмоновтың instagram парақшасынан
- Усман? Жеңемін. Эдвардс? Жеңемін. Чимаев? Жеңемін. Мачачев? Оны да жеңемін. Нгуанну? Ха-ха, жоқ. Фьюри? Егер ММА ережесімен өтетін болса, оны да жеңіп аламын. Майк Тайсон? Иә, әрине жеңемін, - дейді Рахмонов.
Франсис Нганну – аса ауыр салмақта бақ сынайтын аралас жекпе-жек шебері, камерундық кәсіпқой боксшы. Бұрынғы UFC чемпионы.
Айта кетейік, жексенбі күні Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста (АҚШ) UFC 296 турнирінде бақ сынады. Басты кардтағы жекпе-жекте отандасымыз америкалық Стивен Томпсонды қылқындыру әдісімен ұтып шықты.