20.03.2023, 16:30
Оқылды: 39

Шавкат Рахмонов UFC басшысымен жеке кездесуде қандай әңгіме болғанын айтты

Аралас жекпе-жектен файтер Шавкат Рахмонов (17:0) UFC президенті Дана Уайттың кеңсесінде қандай келіссөз жасалғанын айтты. Бұл туралы ол "Вестник ММА" YouTube-арнасында берген сұхбатында мәлімдеді.

15a290b2-7688-4340-a13f-260c5b8aa8f9

 Фото: instagram.com/ufcrussia

Спортшы UFC-дегі жаңа келісімшарты туралы айтты.

"10-15 минут онымен (Дана Уайтпен) сөйлестім, содан кейін матчмейкермен бір жарым сағат жаңа келісімшарт туралы сөйлестік. Жаңа келісімшарттағы шарттар жақсы сияқты. Бірақ олар қандай шарттар ұсынса да, бұл жеткіліксіз. Жақсы ақша алдым, бірақ одан да артыққа лайықпын. Мұны барлық адам түсіне бермейді. UFC-дің өз саясаты бар, бұл туралы айта алмаймын", - деді ол.

Айта кетейік, UFC-дегі бесінші жекпе-жегі үшін Шавкат Рахмонов 191 500 доллар (82,5 миллион теңге) тапқан болатын.

vesti.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале