Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмоновқа (17-0) келесі жекпе-жекке қарсылас ұсынылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
Фото: Prosports.kz
Танымал ММА сарапшысы Игорь Лазориннің айтуынша, бразилиялық Гилберт Бернс (22-5) тамаша нұсқа болады. Блогер промоушн қазақстандыққа рейтингте жоғары тұрғандармен күресуге мүмкіндік бермейтініне сенімді. Ал рейтингі төмендермен октагонға шығудың мәні жоқ.
Еске салайық, Рахмонов соңғы жекпе-жегінде америкалық Джефф Нилды (15-5) үшінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген болатын. Шавкаттың өзі келесі жекпе-жегін 2023 жылдың күзінде өткізгісі келеді.