Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов «Спорт Шредингера» арнасына берген сұхбатында қарындасы Сораның UFC-дегі дебюті қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Кейінгі жекпе-жек жақсы өтті. Жақында ол UFC-ге барады. Құдай қаласа биыл деп ойлаймын. Бұл үшін бәрі дайын деп ойлаймын. Мен аға ретінде көмектесуге тырысамын. Әрине қиын болады», - деді Рахмонов.
ММА-де Сора Рахмонова бес жекпе-жек өткізіп, төрт жеңіске жеткен. Үш жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяталған болатын.
Еске салайық, 26 мамырда Рахмонова Naiza FC 51 турнирінде ресейлік Валерия Карыгинаны нокаутпен жеңген еді.