1.08.2023, 10:15
Оқылды: 3

Шахматшылар шайқасы мәреге жетті

Шілденің 21-і күні басталған шахматтан Қазақстан  Республикасы кубогінің 4-кезеңі – «ORAL OPEN» халықаралық турнирі мәресіне жетті.

f3c2b97c-82ea-479f-a466-b1553fb25f88

Шаршы тақтадағы шайқастар тартысты өтті. Шахматшылар бәсекесі бірнеше жас ерекшелігі бойынша өтті. Сонымен қатар екі санатта сайысқан мықтылар турнир жүлдесін сарапқа салды.

Ұшқыр ойлы спортшылар сайысының қорытындысында «А» турнирінің қола жүлдесі армениялық Мануэль Петросянға, күміс жүлдесі үндістандық Панаяппан Сетураманға бұйырса, АҚШ-тың атынан сынға түскен Ханс Ниманн «ORAL OPEN» халықаралық турнирінің алтын жүлдесін иеленді.

Сонымен қатар «В» турнирінде де үздіктер анықталды. 91 шахматшы бақ сынаған жарыс қорытындысында үшінші орынды Әділет Серіков (Қазақстан), екінші орынды Ерсұлтан Қамбар (Қазақстан) еншілесе, ал тағы бір отандасымыз – Асылхан Құмар жарыс жеңімпазы  атанды.

Түгелбай Кенжеғалиұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале