3.05.2024, 14:49
Оқылды: 57

Шегірткемен күреске 556 миллион бөлінді

Берік Маратұлы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингтегі өз сөзінде бюджет қаражаты есебінен шаруалардың егуге дайындаған тұқымдарының сапасын тексеру үшін 29 млн. теңге бөлініп отырғанын атап өтті.

дала (4)

Тексеруді «Қазагрэкс» АҚ және «Орал Жер» ЖШС зертханалары жүргізеді. Сонымен қатар, егістіктер мен жайылымдарды, шабындықтарды, мемлекеттік қордағы жерлерді саяқ шегірткелерден қорғау үшін химиялық өңдеу жұмыстарына 556 млн. теңге қарастырылған. Бұның бәрі мемлекет тарапынан диқандарға бағытталған қолдау шаралары, – деді БҚО ауыл шаруашылығы басшысының орынбасары Берік Ситказиев.

Сондай-ақ брифинг барысында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Кең дала» бағдарламасы арқылы көктемгі далалық жұмыстарын қаржыландыруға 2,4 млрд. теңге бөлінгені де сөз болды. Қазіргі таңда шаруаларға 5%-бен  2,2 млрд теңге несие берілген.

Бұған қоса, осы бағдарламаға қосымша 8,7 млрд. теңге бөлінбек. Несиелеуге өтінімдерді қабылдау жалғасып жатыр.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале