8.10.2026, 17:30
Оқылды: 4

Шекара инфрақұрылымын жаңғырту мәселелері қаралды

Бәйтерек ауданындағы «Шаған» өткізу пунктінде заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. БҚО прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы төрағалық еткен жиынға аймақ басшысы Нариман Төреғалиев, ҰҚК аумақтық департаментінің бастығы Бақытжан Валениязов, БҚО полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев қатысты.

843324462_1637673144693133_6472729054454876253_n

Кеңес мүшелері алдымен өткізу бекетінің жұмысымен, инфрақұрылымының жай-күйімен және техникалық жарақтандырылуымен танысты. Одан кейін мемлекеттік шекарадағы заңдылықты қамтамасыз ету, заңсыз көші-қонның алдын алу және өткізу пункттерін дамыту мәселелері талқыланды.

840978788_1663979871995200_4738194342728462231_n

Жиында облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел қауіпсіздігін нығайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында шекара маңындағы инфрақұрылымды кешенді дамыту қажеттігін атап өтті. Атап айтқанда, бекеттердің материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңімен жаңарту, заманауи бақылау жүйелерін енгізу, кірме жолдарды жақсарту, электрмен жабдықтау мен байланыс сапасын арттыру мәселелеріне назар аударды.

«Мемлекеттік шекараның қауіпсіздігі – елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығының кепілі. Шекара бекеттерін жаңғыртумен қатар, ел шебінде қызмет атқаратын азаматтарға қолайлы жағдай жасау, әскери қызметшілерді баспанамен қамту мәселелеріне де ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Бұл ретте ведомствоаралық байланысты одан әрі нығайтып, барлық құзырлы органның үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету маңызды. Шекара қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік», – деді аймақ басшысы.

841575468_29094433616857782_1511890224952089155_n (1)

Сондай-ақ отырыста шекара маңындағы жер қатынастарын реттеу, бақылау рәсімдерін оңтайландыру, заңсыз көші-қон мен контрабанданың алдын алу шаралары қаралды.

841398023_2240978239779542_2294362733120235830_n (1)

Кеңес қорытындысында шекара саласындағы өзекті мәселелерді кешенді шешуге бағытталған үш жылдық тұжырымдама талқыланды. Жауапты мемлекеттік органдарға нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеп, оның орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі айтылды.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

841398023_2240978239779542_2294362733120235830_n 839936635_2599397587189809_1283554912185010807_n

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале