Өткен аптада қаладағы мониторингтік топтар санитарлық талаптардың орындалуын тексеру барысында шектеу шараларын бұзған бірнеше орынды анықтады. Олардың көпшілігі салтанатты іс-шаралар өткізген.
Олардың қатарында «Әл-Фараби» мейраханасы (жеке кәсіпкер Н.Беркалиева), «Арбат» мейрамханасы (жалға алушы Ә.Бузаушиев), «Эмират» мейрамханасы (А.Құрмашев) және «Эльдивино» ойын-сауық кешені («Market Servis» ЖШС). 25-31 тамыз аралығында жиналған материалдар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына жіберілді.
Ал карантин режимін бұзғандарды анықтау жұмыстары әлі де жалғасатын болады.
zhaikpress.kz