17.01.2023, 15:15
Оқылды: 51

Шетелдік автокөліктерді тіркеу 23 қаңтарда басталады

Шетелдік нөмірлік белгілері бар автокөліктерді тіркеу 23 қаңтарда басталады. Аталған автокөліктерді тіркеуге екінші деңгейлі банктердің қосымшалары және eGov порталы арқылы өтінім беруге болады.

Заңдастыруға ҚР азаматтарына тиесілі жеңіл автомобильдер мен шағын автобустар жатады.

Көлік құралына қойылатын талаптар:

- Автокөліктің 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген болуы;

- Автокөлікке қатысты криминалдық белгілердің болмауы;

- Кедендік тазартудан өтуі.

Онлайн берілген өтінішке сәйкес тексеріс нәтижесі оң болған жағдайда Мамандандырылған ХҚО-дағы арнайы қарау пунктіне автокөлікті тексертіп, барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін автокөлік тіркеуден өтеді.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале