18.11.2020, 20:02
Оқылды: 61

Шетелдіктерге қазақ тілін үйрететін «Абай институты» порталы іске қосылды

Порталдың ашылуында Тіл саясаты комитетінің төрағасы Әділбек Қаба Мемлекет басшысының ұлы Абайдың 175 жылдығын жоғары деңгейде мерекелеу туралы арнайы жарлығы - халқымыздың тарихи жады мен рухани өміріне соны серпіліс әкелген тарихи оқиға болғанын атап өтті.

201118194118964a3720277i

«Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан осы бағытта қолға алған шаруаның шоқтығы биігі – осы «Абай институты» ашық білім беру жобасы. Бұл шараның қайнар көзі «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасынан» бастау алады. Қазіргі таңда «Отандастар» қорымен бірлесіп, бес мемлекетте, атап айтқанда Түркия, Иран, Ресей, Бельгия және АҚШ елдерінде қазақ тілін оқыту курстарын бастадық», - деді Әділбек Қаба.

Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Айдос Әбдіхалық портал туралы жан-жақты әңгімелеп берсе, жазушы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы Тұрсын Жұртбай іске қосылып жатқан жобадан үлкен үміт күтетінін жасырмады.

«Біздің буын баланың ойыны деп санап келген ғаламтор бүгінде заман тілі ретінде танылып, тіпті мемлекеттердің саясатын айқындап беретін құрал деңгейіне көтерілді. Сондықтан, қазақ тілін білгісі келетін шетелдіктерге бұл жоба үлкен көмек болады деп ойлаймын. Өз басым осындай еуропалықтарға куә болып, Қытай ғалымының Абай қарасөзінің аудармасына: «Мұны неғып бұрын білмегенмін», – деп таң қалғанын көрдім. Енді көркемдік деңгейін көтеріп, осы порталға жарияласа, қаншалықты көмек болар еді», – деді ол.

Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігі диаспоралармен жұмыс жөніндегі басқарма басшысы Мұқтар Кәрібай, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Отандастар қоры» президентінің кеңесшісі Дидар Болат ақжолтай тілек білдірді.

Дереккөз: inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале