16.02.2025, 10:30
Оқылды: 181

ШҚО-да 18 жастағы қыз өзін боқтаған әкесін сотқа берді

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында 18 жастағы қыз өзін боқтаған әкесін сотқа берді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

1Фото: pixabay.com

ШҚО соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Тарбағатай аудандық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 1-бөлігімен іс қаралды. Белгілі болғандай, ер адам 23 қаңтарда үйде бір бөтелке арақ ішіп, өзінің туған қызына былапыт сөздер айтқан.

- 18 жастағы қыз бұл туралы Тарбағатай аудандық полициясына хабарлады. Тексеру барысында айыпталушының «аса ауыр» алкогольдік мас күйде бола тұра, қызына жанжал шығарып, әдепсіз сөздер айтып, оның тыныштығын бұзғандығы анықталған. Соттың қаулысымен ер адам кінәлі деп танылды. Ол ескерту түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген ақпаратта.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале