17.02.2022, 14:30
Оқылды: 154

Швейцария 17 ақпаннан бастап коронавируспен байланысты шектеулерді алып тастамақ

Швейцария билігі 17 ақпаннан бастап коронавирус пандемиясына байланысты барлық шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

18189A12-D28C-44E7-A635-63F3FEE9E018

«Бейсенбіден бастап дүкендерге, мейрамханаларға, мәдени мекемелерге және іс-шараларға бетпердесіз немесе COVID сертификатынсыз баруға болады.

Сондай-ақ, жұмыс орнында маскаларды міндетті түрде кию және үйден жұмыс істеу туралы ұсынымдар алынып тасталды», - деп хабарлады Үкімет.

Сонымен қатар 17 ақпаннан бастап Швейцарияға келетін адамдарға вакцинация, ауру немесе коронавирусқа теріс сынақ туралы растау құжаты қажет емес.

Сонымен бірге 31 наурызға дейін қоғамдық көліктерде қорғаныс құралдарын пайдалану және оң COVID-19 сынағы бар адамдар үшін бес күндік оқшаулау туралы талап күшіне енетіні атап өтілді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале