7.11.2023, 16:15
Оқылды: 50

"Шығын өтелмейді". Киіктер 1 миллион егін алқабын таптап кеткен 

Киіктер 1 миллион егін алқабын таптап кеткені анықталды. Алайда шаруаларға келген шығын өтелмейді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

жпк1

Фотоға түсірген: Қайырбек Сариев

"Еліміз бойынша киіктер бір миллион егін алқабын таптап кеткен. Оның 800 миллион гектарына көпжылдық дақылдар егілген. Фермерлерде шығын болмады. Осыған байланысты мұнда ешқандай өтемақы жүрмейді. Себебі белгілі бір әдістеме де жоқ. Оны әзірлеу керек", - деді Айдарбек Сапаров Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министрдің атылған киіктердің етін комбинаттар сататынын атап өтті.

"Жалпы киіктерді аулау мен атуға қатысты шешімді Экология министрлігі қабылдайды. Ет комбинаттарында ветеринарлық дәрігерлер жұмыс істейді. Олар киіктерді сойғанда оның етіне сараптама жүргізеді. Мамандар еттің сапасын анықтап, ветеринарлық қауіпсіздікке жауап береді.

Ет комбинаттары (киіктің) етін өздері сатады. Бүгіннен бастап мониторинг жүргіземіз. Олар бізге жергілікті әкімдік арқылы есеп береді, яғни Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаментіне", - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров киіктердің еті қазақстандықтарға ғана сатылатынын айтқан еді.

Аяз Есен

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале