Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында шыққан дала өрті оқшауланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 7 қыркүйек күні Глубокое ауданында ашық алаңда өрт шыққан.
«Каменный карьер ауылындағы дала өртінің жалпы ауданы 60 гектарды құраған. Биіктігі шамамен 800 метрге жететін таулы жерге жайылған жалынды ауыздықтау қиынға соқты. Құтқарушылар, полицейлер мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері өрттің елді мекендерге таралуының алдын алды. 8 қыркүйек күні таңертең тілсіз жау оқшауланды», - делінген ақпаратта.
Өртті сөндіруге барлығы 70 адам мен 15 техника жұмылдырылған. Десе де қазіргі уақытта облыстың басқа аудандарында жалынның беті қайтпай жатыр.