Бокстан Қазақстан командасының кейбір мүшелері Шымкенттегі халықаралық турнирге қатыспайды, деп жазады Olympic.kz.
Сурет: Olympic.kz
Атап айтар болсақ, Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі) Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған турнирден сырт қалады.
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының ресми өкілі Рауан Игенев мәлімдеді.
Айта кетелік, үш спортшы да Париж Олимпиадасында бақ сынаған болатын. Олардың қатарынан тек Нұрбек Оралбай ғана күміс медальмен оралды.