21.04.2022, 9:30
Оқылды: 73

Шымкенттің қуыршақтары Оралда

Кеше Орал қаласында Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының гастролі басталды. Бұл аталмыш театрдың Ақ Жайық атырабына алғашқы келуі.

InShot_20220421_083928294

Үш күндік өнер сапарының шымылдығы кеше М. Абай-Ділдәнің «Туған күн» атты балаларға арналған интерактивті ертегісімен түрілді. Бұл қойылымға қоса, еліміздің оңтүстігінен келген өнер отауы оралдықтардың назарына Қ.Мұраттың «Мектеп» драмасы мен Е.Төлебайдың «Боздаған бойдақтар» комедиясын ұсынуда.

Шымкенттік театрдың қойылымдары Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында өтуде. Анықтама алу үшін 50-78-03 тел. нөміріне хабарласуға болады.

Бауыржан Ғұбайдуллин,

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале