6.02.2020, 12:43
Оқылды: 15

Шыңғырлау ауданының әкімі есеп беруде

Бүгін БҚО-дағы аудан әкімінің есебі Шыңғырлау ауданында өтуде. Шыңғырлау ауданының әкімі Ержан Тұрмағамбетов өткен жылды қорытындылауда. Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев қатысуда.

chingirlau (11)

Аудан бюджеті 4,8 млрд. теңгеге жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 14,2% артқан.

- Соңғы үш жылда бос ғимараттар мен көліктерді кәсіпкерлерге жекешелендіру жұмысы жүргізілуі нәтижесінде 20-ға жуық объекті сатылып, бюджетке 20 млн. теңгеден астам қаражат түсірілді.

chingirlau (18)

Қазір мемлекеттік органдардың әкімшілік шығыстарын тиімді пайдалану және қысқарту мақсатында екі бөлімге жалдамалы автокөлік қызметі енгізілді. Бұл жұмысты алдағы уақытта да жалғастырамыз.

2018-2019жылдары төрт елді мекенде сапалы ауыз су жүйесі қосылды. Алмаз және Ақтау елді мекеніне ауыз су жүргізу жұмысы басталғаны белгілі. Бұл жұмыс аяқталғаннан соң сумен қамтылу көрсеткіші 94 пайызға жетеді, - деді аудан әкімі.

chingirlau (13)

Ардақ, Шоқтыбай, Қайыңды, Қарағаш, Ұрысай, Ақсуат, Сегізсай, Ақсоғым елді мекенін таза сумен қамту үшін жобалық-сметалық құжат дайындалған.

суретке түсірген Рафхат Халелов

         zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале