Бұл туралы Шыңғырлау ауданының әкімі Ержан Тұрмағамбетов есептік кездесуде айтты.
- Құқық бұзушылықтың алдын алу және азайту мақсатында, аудан орталығы көшелеріне қосымша бейнебақылау камералары қойылды.
Аудан мекемелерінің ақылы қызметтерін төлеу үшін «Халық» банкі және «ҚазПошта» акционерлік қоғамымен келісіп, қосымшалары толықтырылды. Нәтижесінде төлемдер электронды түрде жүргізілуде. Аудан орталығынан қашық орналасқан 7 ауылдық округ поштасына терминал қойылды.
Мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою, жолдама беру, білім беру ұйымдарына 1 және 10-сынып оқушыларын мектепке қабылдау қызметтері автоматтандырылып, осы жылға келісім шарты қайта рәсімделуде.
Тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру үшін арнайы курс ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қатысты.
Күрмеуі шешілмеген мәселенің бірі - аудандағы 25 елді мекеннің 19-да CDMA/EVDO технологиясымен интернет желісі қосылған. Аталған желінің сапасы мен өте жылдамдығы төмен.
Сегіз ауылдық округтің 3-інде ұялы байланыс мүлдем жоқ. Бірнеше жыл бойы байланыс операторларымен келіссөздер жүргізілгенімен, әзірге нәтиже жоқ.
Шыңғырлау ауданына қарасты елді мекендерде барлығы 4 телеарна көрсетеді. Ал кейбірінде тек екеуі. Бұл мәлелелерді шешу бағытында құзырлы мекемелермен жұмыстанудамыз, - деді аудан әкімі.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер