23.08.2024, 17:00
Оқылды: 72

Шыңғырлауда «Шекараны бүкіл халық күзетеді» патриоттық акциясы өтіп жатыр

Батыс Қазақстан облысы бойынша өтіп жатқан «Шекараны бүкіл халық күзетеді» атты патриоттық акциясы Шыңғырлау ауданына жетті, деп хабарлады Шыңғырлау ауданының әкімдігінен.

BD47EB19-5CB5-4D41-8DBE-557A2D78FAB0

ҚР ҰҚК Шекара қызметі БҚО департаментінің офицерлерімен ұйымдастырылған акция Бәйтерек ауданынан басталып өзге аудандарға жолданды.

21-22 тамыз күндері көршілес Бөрлі ауданында өткізілген болатын. Бүгін ауданымызда жалғасын тауып, І кезеңі басталды. ҚР ҰҚК Шекара қызметі БҚО департаментінің жедел уәкілі, капитан Жандос Ахметбеков ең алдымен аудандық «Аmanat» партиясы ғимаратында аудан тұрғындарымен кездесті.

Жиынға сондай-ақ, Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев, жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдары, қорғаныс бөлімі қызметкерлері, аудандық «Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ басшысы, ақсақалдар кеңесінің төрағасы қатысты.

EBB72E8F-6DC1-4537-8B80-94ADE2A143C2

Патриоттық акцияның мақсаты – шекара аймағында орналасқан елді-мекендерде ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізу. Атап айтсақ, автобекет, теміржол вокзалы, жанар-жағармай станцияларында, жол бойындағы дүкен, қонақ үй, асханаларда, тұрғындарға, қызметкерлерге жалпы ережелерді таныстырып, түсіндіру.

Шекарашылар төтенше жағдайлардың алдын алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында, қандай жағдайда қалай әрекет ету керектігін айтып, халықты ақпарат берді. Шыңғырлау ауданының бес ауылдық округі шекара шебінде орналасқан. Сондықтан да осындай профилактикалық шаралар жүргізілуі маңызды.

Жедел уәкіл капитан Жандос Ахметбековтың айтуынша, қазіргі таңда шекарадан заңсыз өту мәселесі дендеп тұр. Еліміздің шекарасынан көптеген шетел азаматтары өтеді. Солардың арасында өз елінен кетіп, өзге елдерге бас сауғалаған босқындар да болады. Олар шекарадан заңды жолмен өтіп, шығу үшін заңсыз жолдарды іздейді. Яғни бір елден екінші елге жету үшін шекаралас елдерді көпір ретінде пайдаланады. Ұшақ, пойыз, такси, автобустармен ел аумағына, әсіресе ауылдық елді-мекендерге қоныстайды.

492E0BB8-86C5-4D68-A924-14ADC9D119C0

Осындай заң бұзушылықтарды байқап, жауапты органдарға хабар бере алу үшін әрбір азамат ережелерді, қажетті ақпараттарды білу керек. Заңсыз жүрген шетел азаматтары көбіне такси, автобуспен қатынап, жол бойындағы дүкен, кафе қызметтерін пайдаланады. Осының барлығын түсіндіріп өткен капитан заңсыз әрекетті байқаған жағдайда қайда хабарласып, қандай шаралар атқару керектігін жеткізді.

«Ата-бабаларымыз қанымен, жанымен айқындап берген еліміздің шекарасын қорғау – баршамыздың парызымыз. Ел игілігі үшін өткізілетін осындай маңызды жұмыстарға барлығымыз да атсалысайық», - деп сөзін аяқтады ол.

Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары шекараны қорғауда ерекше көзге түскен ерікті азаматтарды марапаттады.

Кейін бұл түсіндіру жұмыстары қонақ үй, халық көп жиналатын супермаркеттерде, теміржол, жанар-жағармай бекеттерінде жүргізілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале