20.10.2021, 15:34
Оқылды: 117

СІМ: АҚШ және Германиядағы Қазақстан азаматтары жаңа паспортты 30 күнде алады

Сыртқы істер министрлігі мен Ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматтарына паспортты ресімдеу мерзімдерін қысқарту бойынша «пилоттық жобаны» жүзеге асырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ сайтына сілтеме жасап.

211020155859665a3851399i

Ведомство шет елдерде мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру шеңберінде, әсіресе COVID-19 пандемиясына байланысты жағдайда, қызмет көрсетудің мерзімдерін қысқартуға ерекше көңіл бөліп отыр.

«Қазіргі уақытта СІМ мен ІІМ Германия аумағында тұрып жатқан Қазақстан азаматтарына паспортты ресімдеу мерзімдерін қысқарту бойынша «пилоттық жобаны» жүзеге асыруда. Бұдан бұрын мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі 80 күн болса, енді мемлекеттік органдардың бірлескен іс-қимылы арқасында қызмет көрсету мерзімі 30 күнге дейін қысқарды», делінген хабарламада.

Министрліктің мәлімдеуінше, бүгінде Қазақстанның Германиядағы шетелдік мекемелері арқылы өтініш білдірген 33 азамат паспортын жаңадан бекітілген мерзім ішінде алды. Айта кететіні, «пилоттық жоба» Ресейдегі ҚР Елшілігінде және АҚШ-тағы ҚР шетелдік мекемелерінде сәтті жүзеге асырылып келеді. Паспорт ресімдеу мерзімін қысқартуды көздейтін елдердің тізімін кеңейту жалғасады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале