2.08.2023, 11:00
Оқылды: 49

«Sincere Systems» қаржы пирамидасына қатысты тергеу басталды

Азаматтарды кіріс алу үшін компанияға тіркелуге шақырған екі азаматқа қатысты «Sincere Systems» (S-Group) қаржылық (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару ісін Қаржы мониторингі агенттігінің  Ақтөбе облысындағы департаменті тергеп жатыр.  

ЖП ақша 2

Агенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұйымдастырушылардың тұрғылықты жерінде тінту жүргізіліп, кеңсе техникасы (ноутбуктар, ұялы телефондар, процессорлар), компанияның заңсыз қызметіне қатысты құжаттар, келісімшарттар, жарнамалық құралдар, презентациялар тәркіленген.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале