17.06.2022, 11:15
Оқылды: 39

Сирия бойынша Астана процесінің жұмысы тағы да жалғасады

Астана процесінің 19-шы кездесуі 2022 жылдың екінші жартысында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Бұл жайында Сирия бойынша 18-ші халықаралық кездесудің қорытындысы бойынша Иран, Ресей және Түркия өкілдерінің бірлескен мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220616155908937e

«Біз Астана форматындағы бақылаушылар ретінде Иордания, Ирак және Ливан делегацияларының, сондай-ақ БҰҰ мен ХҚКК өкілдерінің қатысуын қанағаттанушылықпен атап өттік. Нұр-Сұлтанда Астана форматында Сирия бойынша 18-ші халықаралық кездесуді өткізгені үшін Қазақстан билігіне шынайы алғысын білдіреміз. Сирия бойынша Астана форматындағы 19-шы халықаралық кездесуді осы жылдың екінші жартысында Нұр-Сұлтанда өткізуге келістік», - делінген ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов жария еткен бірлескен мәлімдемеде.

Сонымен қорытынды құжатта кепілгер елдер Астана форматында министрлердің келесі кездесуін ұйымдастыру ниеттерін растады.

«Біз 2020 жылдың 1 шілдесіндегі саммиттің қорытынды мәлімдемесінде бекітілген келесі үшжақты саммитті шарттар рұқсат етілген кезде тез арада Иран Ислам Республикасында өткізу туралы келісімді тағы да атап өттік», - деді кепілгер елдер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале