Жексенбі күні Сирияның сотүстігіндегі Алеппо провинциясында тұрғын үйдің құлау салдарынан 16 адам қаза тапты, тағы 4 адам жарақат алды.
Бұл туралы ҚазАқпарат Қытайдың Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Шейх-Максуд ауданында орналасқан негізінен күрдтер тұратын 5 қабатты ғимарат фундаментінің су шаюы салдарынан құлаған.
Ішкі істер министрлігінің ақпаратынша, үйде 7 отбасы тұрып келген.
Сана мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, құтқарушылар әлі аман қалғандарды іздестіріп жатыр.
Фото: Reuters
31.01.2023, 16:31
27.12.2022, 9:00
21.12.2022, 16:30
20.12.2022, 17:45