11.09.2023, 15:15
Оқылды: 46

Skills Enbek платформасында «Күміс жас» жобасы бойынша оқыту қолжетімді

Skills Enbek (https://skills.enbek.kz/) платформасында «Күміс жас» жобасы аясында 50 жастан асқан қазақстандықтар тегін білім алып, одан әрі жұмысқа орналасу үшін жаңа дағдыларды игере алады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

EA30084E-BB80-4B06-936A-9D9EA21B919B

Skills Enbek платформасында «Күміс жас» атты қосымша бет бар, онда барлық қол жетімді курстардың тізімі орналастырылған. Қазіргі уақытта маркетинг, туризм, ақпараттық технологиялар, ауыл шаруашылығы, қаржы, білім беру және әлеуметтік қызмет көрсету бағыттары бойынша 100-ден астам курс ұсынылды.

Азаматтар оқу тілін және материалды ұсынудың ыңғайлы принципін таңдай алады, сонымен қатар оқу барысын бақылау мүмкіндігі бар.

Пайдаланушылар үшін дағдыларды игергені туралы сертификат беру көзделген, Электрондық еңбек биржасындағы (enbek.kz) түйіндемеде барлық игерген дағдылары туралы ақпарттар автоматты түрде көрсетіледі. Жұмыс беруші жұмыс іздеушінің түйіндемесінен сертификаттар мен алған дағдыларын көреді.

Жақын арада «Күміс университеті» жобасы аясында жетекші жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық арқылы ұсынылатын курстар желісін кеңейту жоспарлануда.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале