Әлихан Смайылов жыл басынан бері экономиканың өсімі былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,1% болғанын айтты. Экономикалық өсудің негізгі драйверлері өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, соның ішінде автомобиль өнеркәсібі және локомотивтер мен теміржол вагондарын қоса алғанда, басқа көлік құралдарын өндіру болды.
-Өңдеу секторындағы жоғары серпінді химия өнеркәсібі – 12%, жеңіл өнеркәсіп – 7,5%, металлургия – 5%-дан астам және мұнай өңдеу – 4% сияқты салалар көрсетті. Тау-кен өнеркәсібінде көмір өндірудің 2,2%, табиғи газдың 3% және кен өндірудің 5%-дан астам артуы есебінен өсім байқалды. Құрылыс секторында 7,5% жоғары өсу қарқыны қамтамасыз етіліп, 8,8 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ауыл шаруашылығында 4,3% тұрақты өсу қарқыны байқалады, - деді ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов.