25.02.2022, 11:30
Оқылды: 17

Смайылов: Геосаяси шиеленіс пен жоғары инфляция – еліміз үшін басты сын-қатер

 Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысында мәлімдеді.

5lupM2yIO9BwOAfDeoXjKEVQzjDYY7qZu7NvGgw0
Кешегі отырыста біз экономикалық интеграцияны одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар маңызды мәселелерді мазмұнды түрде талқыға салдық. Әрбір ел өзінің ұлттық мүдде мен ұлттық нарығын қорғауға ұмтылады. Ұлттық мүдделер мен интеграциялық үдерістер арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті табу, әсіресе экономикалық тұрақсыздық жағдайында болашаққа стратегиялық көзқарасымызды анықтау маңызды, - деді Үкімет басшысы кеңейтілген отырыста.

Премьер-министр Смайыловтың мәлімдеуінше, ЕАЭО-ға мүше елдердің экономикасы өткен жылы айтарлықтай белсенді түрде қалпына келген.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов мемлекеттер экономикасының пандемияға дейінгі деңгейге жеткенін айтты.

Былтырғы қорытынды бойынша Одақтың ЖІӨ өсімі 4,5%-ды құрады. Сонымен бірге, сарапшылар 2022 жылы жаһандық экономикалық өсудің баяулауын болжап отыр. Осы жылы Одақтың ЖІӨ өсімі 3,1% болады деп күтілуде. Биылғы жылды қиын жағдайда бастап отырмыз. Геосаяси шиеленіс пен жоғары инфляция біздің елдеріміз үшін басты сын-қатер болып қалуда, -деді Әлихан Смайылов.

 baq.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале