12.12.2017, 18:11
Оқылды: 27

«Smart Орал» орталығы ашылды

899ecb3e44ab22bb829d8432cfbc3edaОралда халыққа қызмет көрсететін «Smart  Орал» орталығы ашылды.

«Ашық әкімдік» жобасын жүзеге асыра бастағалы аталмыш орталықтың қызметіне күніне кемі 300 адам жүгінсе, бес айдың ішінде 25 мың тұрғынға қызмет көрсетілген. Орталық жариялық және қоғамда жайлаған жемқорлықтың алдын алу мақсатында ашылған.

Орталығына жүгінген тұрғындар қажетті қызметті 15-20 минут аралығында ала алады. Электронды кезек жұмыс жасауда. Орталықта тұрғындарға  көрсетілетін  қызмет  түрлері де көбейген. Айта кетсек,  бұрын 618 қызмет түрі көрсетілсе, енді олардың саны 641-ге жеткен.

Копия Изображение 663- Елбасының цифрландыру, яғни «бір терезе» қағидасы туралы тапсырмасына сәйкес ашылып отырған «Smart Орал» орталығы қызмет көрсету сапасын жетілдіруді көздейді. Мұнда қарапайым халық пен кәсіпкерлерге де қызмет көрсету орталығы, соның ішінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Қазақинвест» ҰК, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да салалардың өкілдері отыратын болады. Сондай-ақ құқықтық қызмет көрсетудің де қолжетімді әрі жедел болуын қамтамасыз ету үшін прокуратура қызметкерлері де көмек көрсетеді. Бір ғана мысал айта кетейін, бұрын кәсіпкер жер теліміне рұқсат қағазын алу үшін 14 мекемеге барып, әрқайсысына 5 күн жұмсайтын болса, алдағы жылдан бастап осы қызметтердің бәрін электронды түрде бес-ақ күннің ішінде ала алады, - деді орталықтың  ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Алтай Көлгінов.

                                                                     Гүлсезім БИЯШЕВА

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале