10.10.2026, 9:00
Оқылды: 4

Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алды

Алматыда мәнерлеп сырғанаудан «Челленджер» сериясындағы Денис Тен мемориалы жалғасып жатыр. Қазақстан құрамасының өкілі Софья Самоделкина әйелдер арасындағы жекелей сында өнер көрсетіп, нәтижесінде үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

InShot_20261010_085827333

Фото: DRSQazaqstan

Жаңа «Rivals» атты шығармасымен еркін бағдарламасын орындаған отандасымыз 134,91 ұпай жинап, осы кезеңде екінші орын алды. Екі бағдарламаның қорытындысы бойынша, Софья Самоделкина 204,36 ұпаймен турнирдің қола жүлдегері атанды.

Бейтарап мәртебеде өнер көрсеткен ресейлік Александра Игнатова 226,01 ұпаймен жеңіске жетті. Оңтүстік Корея өкілі Ким Юджэ 209,20 ұпай жинап, күміс медаль иеленді.

Қазақстанның өзге спортшылары төмендегідей орындарға тұрақтады: Нұрия Сүлеймен – 14-орын, Алика Халимова – 15-орын, Амира Ирматова – 16-орын, Зере Сарбалина – 18-орын, Амина Алексеева – 19-орын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале