7.12.2023, 17:00
Оқылды: 48

Соғыстан кейінгі халықаралық жағдай қандай болды?

Екінші дүниежүзілік соғыста КСРО-ның жеңіп шығуы Шығыс Европаның бірқатар елдерінде коммунистік және жұмысшы партиялар бастаған еңбекшілердің жеңіп шығуына жәрдемдесті.

жп осень (3)

Айталық, Албания, Болгария, Шығыс Германия, Венгрия, Польша, Румыния,Чехослвакия және Югославияда пролетариат диктатурасы формаларының бірі  халық демократиясы орнай бастайды.

1948 жылы қырқүйекте Солтүстік Кореяда Корей халық-демократиялық республикасы жарияланса, 1949 жылы 1 қазанда Қытайда гоминдан үкіметі құлатылып, Қытай халық республикасы құрылады.

Осы жылдары Вьетнам, Индия, Индонезия, Бирма, Шри Ланка елдері халықтары тәуелсіздік алып, дербес даму жолына түседі. Бұл әлемде елдер дамуының капиталистік және социалистік системасын (жүйесін) қалыптасдырды.

1949 жылы Социалистік система елдерінің ынтымақтастық дамуында «Экономикалық өзара көмек советі» құрылады. Оған Болгария, Венгрия, Полша, Румыния, СССР, Чехославакия, ГДР және Монғолия кіреді.

Бұл социалистік елдерге қарсы АҚШ бастаған капиталистік елдер 1949 жылдың апрель айында Вашингтонда «Солтүстік Атлантика блогын» (НАТО) құрады.

Осылайша әлемге үстемдік етуде КСРО мен АҚШ арасында өзара «қырғи-қабақ күш көрсету» саясаты басталады.

 

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале