Агенттіктің мәліметінше, өткен тәулікте Солтүстік Кореяда 134 мың адамнан «безгек» деп аталып кеткен ауру белгілері анықталған. Бұл ретте бірде-бір өлім жағдайы тіркелмеген.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, сәуір айының соңынан бері КХДР-да безгек ауруының белгілері бар 2,94 млн адам анықталған. Олардың 2,54 млн-ы сауығып шықса, 400 мың адам ем қабылдауда.
«Төтенше жағдайларға ден қоюдың максималды деңгейі енгізілгеннен кейін бірнеше күннен соң, елде ауру жұқтыру мен өлім-жітім көрсетіші күрт төмендеді. Емделіп шыққандардың саны артты. Бұл пандемияны тиімді ұстап тұруға, жағдай тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік берді», - делінген агенттік хабарламасында.
Еске сала кетейік, 12 мамырда Солтүстік Корея билігі ел аумағында коронавирустың анықталғанын ресми мәлімдеген болатын.