31.05.2022, 14:45
Оқылды: 88

Солтүстік Кореяда бір тәулікте 96 мың адамнан безгек анықталды- БАҚ

Солтүстік Кореяда соңғы 24 сағат ішінде безгек белгілері бар 96 020 адам анықталды. Сәуір айының соңынан бері мұндай жағдайдың жалпы саны 3,64 миллионнан асты, деп хабарлады ҚазАқпарат Yonhap ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

220531113345087e

Сеул билігінің мәліметінше, безгекке шалдыққандар арасында коронавирус жұқтырғандар ғана емес. КХДР билігі COVID-19 вирусын дәл анықтау мүмкіндігінің шектеулігіне байланысты безгек белгілері бар адамдар статистикасын жүргізетінін болжап отыр.

КХДР халқының саны шамамен 24 миллион адамды құрайды. Дүйсенбіде ел билігі безгек белгілерінің 100 710 жаңа жағдайы туралы хабарлады, ал жексенбіде шамамен 89,5 мың науқас анықталды. Тәулік ішінде ең жоғары өсім 15 мамырда тіркелді – 392 920 жағдай.

Айта кетсек, Солтүстік Корея елде коронавирустық инфекцияның анықталғаны туралы алғаш рет 12 мамырда хабарлады. Осыған байланысты ел басшысы барлық қалалар мен округтерде оқшаулау шараларын енгізуді тапсырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале