4.10.2022, 14:30
Оқылды: 49

Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыраны Жапонияның үстінен ұшып өтті

Солтүстік Корея Чагандо провинциясынан Жапонияның Хоккайдо аралына қарай орташа қашықтықтағы баллистикалық зымыранын ұшырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

080fe4844ff24b5f97bfa93541eaa92c

Токиода өткен шұғыл баспасөз мәслихатында Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Хироказду Мацуно елдің үстінен Тынық мұхитына қарай ұшқан зымыран Жапонияның айрықша экономикалық аймағынан тысқары жерге құлағанын айтты, деп мәлімдеді TV Asahi.

Зымыран натқы қай жерге құлағаны айтылған жоқ.

Аймақтағы кемелерге зымыран жарықшақтарына жақындамауға кеңес берілді.

 Мацуноның айтуынша, ұшақтар мен кемелердің зақымдануы туралы әзірге ақпарат жоқ. Ол сондай-ақ Жапония Солтүстік Кореяның бұл әрекетіне назарылық танытанын мәлімдеді.

Премьер-министр  Фумио Кисидо бастаған ел үкіметі ұлттық қауіпсіздік кеңесін өткізеді.

Солтүстік Корея өткен аптада бірнеше зымыран ұшырды. Барлық зымырандар, болжам бойынша, баллистикалық, ұшу биіктігі шамамен 50 шақырым, қашықтығы 300-ден 400 шақырымға дейін болды. Олардың кейбірі стандартты емес траектория бойынша ұшты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале